Терроризм туралы жалған хабарлама таратқан ақтаулық 1,5 жылға сотталды
Тұрғын азаматтық некедегі жұбайын Алматы қаласына жібермеу үшін 102-желісіне қоңырау шалып, Ақтау халықаралық әуежайында және Ақтау теңіз портында жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде жалған хабарлама берген.
Фото: freepik.com
08:43 13.02.2025
Аталған жерлерді тексеру барысында, ешқандай жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер анықталмаған. Бірақ соның салдарынан Ақтау теңіз сауда портына, Халықаралық Ақтау әуежайына, Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттеріне материалдық шығын келтірілген.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің іс-әрекеті сотта қаралған.
Ақтау қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті сот үкімімен ҚР Қылмыстық Кодекстің 273-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!