Рустам Баялиев жаңа қызметке тағайындалды
Рустам Баялиев Президент әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
09:05 13.02.2025
- Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.
Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылы ол Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!