{metadescription}
Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады

Қазір суицидке әкелудің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады kazinform.

- Суицидке жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің объективтілігі мен мән-жайды анықтауға бағытталған барлық тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 
Осы орайда Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлады. 

Күні кеше Жамбыл облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. 

«Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлігімен соқтығысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде