Алматыда қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешіліп жатыр – әкім жауабы
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті.
Фото: Алматы әкімдігі
10:42 13.02.2025
Аудан тұрғыны шаһар басшысына қаңғыбас иттер мәселесін айтып шағымданды. Өз кезегінде Ерболат Досаев ветеринарлық қызметтің жұмысы туралы түсіндірді.
– Қараусыз иттер Алматы облысына жақын шағын аудандардан келіп жатыр. Бүгінгі күні біз ветеринарлық қызметті жаңарттық. Осы жылы тағы 11 көлік сатып алайын деп жатырмыз. Оның ішінде квотамен осы Жетісу ауданына арнайы бөлеміз, - деді қала әкімі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!