Қор нарығында доллар 5 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: istockphoto.com
16:52 13.03.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,69 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 495,28 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 497 теңге. Еуро 538 - 544 теңге аралығында құбылып тұр. Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 501 теңге, сатып алу құны – 495 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,69 - 5,85 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 489,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,64 теңге. Еуро – 533,47.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!