АҚШ әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы өртеніп кетті
Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы кенеттен өртеніп кетті. Бұл туралы Анадолы жазды.
Фото: Анадолы
13:16 14.03.2025
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, барлық жолаушылар дер кезінде эвакуацияланған. Америка шенеуніктері адам өміріне қауіп жоқ екенін растады. CNN хабарына сәйкес, Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында Boeing 737 бортындағы өрттен зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға байланысты тергеу басталған. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндірумен айналысып жатқан кезде ұшақтан қою түтіннің көтерілгенін көруге болады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!