{metadescription}
Маңғышлақ-Ақтау теңіз порты теміржолы мемлекет меншігіне өтеді

Маңғышлақ-Ақтау теңіз порты теміржолы мемлекет меншігіне өтеді

Бас көлік прокуратурасы жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын иелену фактісін анықтады.

Сот «Каскор-Транссервис» АҚ-на магистральдық теміржол желісін мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолы мемлекет меншігінде болуы керек. Аталған объектілердің стратегиялық маңызы мен мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша Көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді»,- делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешімімен министрлік талабы қанағаттандырылды.

«Шешім Қазақстанның көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам және мемлекеттің темір жол желісінің негізгі объектілерін бақылауына кепілдік береді», - дейді ведомстводан.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде