Қор нарығында доллар бірден 9 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: istockphoto.com
18:07 14.03.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,56 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 505,15 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 542 - 548 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 551 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,72 - 5,87 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 14 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,77 теңге. Еуро — 538,32.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!