Талғарда дөңгелек зауытынан шыққан өрт толық сөндірілді
ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп, басқарды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: ТЖМ
18:39 15.03.2025
Ол Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іс-сапармен келген.
Ведомство мәліметінше, тілсіз жау 500 ш. м. алаңды шарпыған.
"ТЖМ күштерімен өрт 500 ш. м. алаңда толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының жол бойында, резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында жиналған резеңке-техникалық бұйымдарының жануы орын алды. Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда", — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД 12 техникасы және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!