{metadescription}
Ақтөбеде полиция қызметкері жол апатына түсті

Ақтөбеде полиция қызметкері жол апатына түсті

Тұманды күні патрульдік қызметке шыққан полицей жол апатына түсті. Ол аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оқиға 14 наурыз күні облыстық маңызы бар Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Патрульдік полиция қызметінің «Хюндай-Элантра» көлігі УАЗ автокөлігімен соқтығысты.

- Тұманды күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульге шыққан. Сол кезде жол апатына ұшырап, жарақат алды, ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас Қарғалы аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде