Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498 — 506 теңгеден саудаланып жатыр.
Фото: freepik.com
09:55 16.03.2025
Ұлттық банктің 16 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 505,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,89 теңге. Еуро — 550,31.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 542 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,70 — 5,85 аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!