Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады - Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 17-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
08:04 17.03.2025
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, жоғары атмосфералық қысымның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен күн құбылмалы болады және жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!