Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
09:35 17.03.2025
Тоқаев Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтты.
"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Боксшы Назым Қызайбайдың өзі бұл жазбаға жауап берген:
"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құттықтауыңызға көп рахмет. Спорттық мансабымдағы осындай маңызды сәтте жылы лебізіңізді есту - мен үшін үлкен мәртебе. Еліміздің көк байрағын әлемдік аренада асқақтатуға сөз беремін".
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!