{metadescription}
Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы туралы баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Президентке 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құрағаны жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған. Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.

«Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажет», — делінген хабарламада.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде