Президент Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады
Президент Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: akorda.kz
18:41 17.03.2025
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!