{metadescription}

Алматыда қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, 112 пультіне «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының диспетчерінен Комсомол шыңы маңында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Нақтыланған ақпарат бойынша, 3 адам «Шымбұлақ» курортынан 1 км қашықтықта тыйым салынған жерде сырғанаған.

«Шаңғымен сырғанау кезінде үш адам көлбеуді кесіп, қар көшкіні жүруіне себеп болды. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды. Екеуі өз бетінше шыға алды, үшінші адамның жансыз мәйітін «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты», — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде