{metadescription}

Жыл басынан бері қызылшаның 515, көкжөтелдің 129 жағдайы тіркелді — ДСМ

Елдегі эпидемиологиялық жағдай инфекциялардың барлық негізгі түрі бойынша тұрақты болып тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Елде тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, лептоспироз, листериоз, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Денге безгегі, құтыру аурулары тіркелмеген", — делінген хабарламада.

Иммундауды күшейту жөніндегі шаралар, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

"Жыл басынан бастап республика бойынша қызылшаның 515 жағдайы тіркелді, оның ішінде ақпан айында 229 жағдай анықталды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 98,2%-ға төмен. Соңғы аптада қызылшаның 73 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері көкжөтелдің 129 жағдайы тіркелді, оның ішінде ақпан айында — 49 жағдай, бұл сырқаттанушылық деңгейінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 7 жағдайы тіркелді", — делінген ДСМ хабарламасында.

Қызылша мен көкжөтелдің көптеген жағдайы вакцинацияланбаған балалардың арасында тіркеледі.

Вакцинациямен қамтуды мониторингтеу, вакциналардың қозғалысын есепке алу және оларды сақтау үшін министрлік профилактикалық екпені есепке алу жүйесін және барлық деңгейдегі суықтық тізбегі жүйесін цифрландыруды жүргізуде.

Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,6 млн астам жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 13%-ға аз. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2934 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді.

Тұмауға қарсы 2,3 млн астам адамға екпе салынды, бұл ел халқының 11,6%-ы, ДДҰ ұсынған жағдайда кемінде 10%.

Ағымдағы эпидемиялық маусымның басынан бастап республика бойынша ЖРВИ тудыратын вирустарға 15 270 үлгі зерттелді, әртүрлі вирустардың, соның ішінде риновирус, вирус, аденовирус, паратұмау, метапневмовирус, бокавирус және басқалардың айналымы белгіленді.

2025 жылдың басынан бері елде COVID-19 коронавирустық инфекциясының 174 жағдайы тіркелді (169 КВИ+ жағдайы, 5 КВИ-жағдай), өлім жағдайлары жоқ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 6 есе төмендеуі байқалады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде