Алматыда көшелер жабылып, 10 бағыттағы қозғалыс үлгісі өзгереді
Алматы көшелерінде бірнеше күнге көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Фото: pixabay
11:51 18.03.2025
19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Оған байланысты бұл күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.
- Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтетін болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді, - деп хабарлады әкімдіктен.
Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін Абай даңғылы уақытша жабылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!