{metadescription}
Фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалып отыр – Олжас Бектенов

Фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалып отыр – Олжас Бектенов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов кинодан түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

- Жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек. Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазір фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүддесінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін «е-кино» платформасын жедел іске қосу керек, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр отандық кино өндірісі 58 пайызға артты. Премьер-министр кино туындылардың санын көбейтіп, тек пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аудару керектігін баса айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде