Лифтіде пышақ жарақатын алған астаналық бала оңалтуға жатқызылады
Елордада 5 жасар баланы лифтінің ішінде психикалық ауытқуы бар жасөспірім пышақтаған еді. Бала ауруханада жедел ем алып шықты, енді оңалту орталығына жіберілмек.
Фото: istockphoto.com
18:47 18.03.2025
Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады.
"2025 жылғы сәуір айында ұлттық балаларды оңалту орталығына жатқызу жоспарланды", — деген қысқа ақпарат алдық қалалық басқармадан.
Еске сала кетейік, биыл 11 ақпанда елордада жасөспірім лифті ішінде баланы пышақтап тастаған еді. Кейін белгілі болғандай пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!