{metadescription}

Астанада ЖОО қызметкері грантқа түсіріп беремін деген желеумен 3 млн теңге иемденген

Астанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.  

«Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істей отырып, ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін «шешіп» бере алатынына сендірген. 2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен», — делінген прокуратура хабарламасында.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.

Кінәсін мойындап, залалды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескеріліп, ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде