Ақтаулық дәрігерлер науқастың мойнынан 1 келідей ісікті алып тастады
74 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны Балхия Сүндетбаеваның мойнындағы ісік 15 жыл бұрын пайда болған.
Фото: видеодан алынды/instagram.com/ ladakz_qz
10:29 20.03.2025
Осы кезге дейін ол ұлғайып, зейнеткерге көп қиындық әкелген. Қатты ауырсыну мен тұрақты дене қызуының көтерілуіне шыдауға тура келген. Ақтаулық білікті мамандар ота жасамас бұрын, науқастың денсаулығын мұқият тексеріп, ісіктің қауіпті аймақта орналасқанын анықтады. Ол ірі қан тамырлары мен жүйке талшықтарына тым жақын орналасқан болып шықты. Десе де, мамандар тәуекелге бел буып, ота жасаған.
Дәрігерлер тобы аса күрделі отаны 4 сағат жасап, 1 келіге жуық ісікті сәтті алып тастады. Отадан кейін науқастың қан қысымы мен жалпы денсаулық көрсеткіштері қалыпқа келіп, ауырсынусыз ұйықтай бастаған.
- Дәрігерлер маған екінші өмір сыйлады. Өмір бойы оларға алғысымды айтамын, - дейді Балхия Сүндетбаева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!