Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел Әзербайжанда ұсталды
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайжандағы Елшілігінің көмегімен заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырған әйелді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге экстрадициялады.
Фото: Видеодан алынған кадр
10:57 20.03.2025
Қазақстандық әйел 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген.
- Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды, - деп жазды ҚМА баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!