Алматыдағы Қарғалы өзенінің арнасы 2026 жылға дейін қайта жөнделеді
Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің жағалауында көркейту жұмыстары жүреді.
Фото: Алматы әкімдігі
11:11 20.03.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев былтыр өзен жағалауында 3,5 км жаяу жүргіншілер аймағы салынғанын атап өтті. Биыл өзен арнасын жаңарту жұмыстары басталады.
- Биыл маусым айында Қарғалы өзені арнасын 6,7 км қашықтықта қайта жаңарту және көркейту жұмыстары басталады. Жоба аясында 2026 жылдың маусымына дейін өзен арнасының бетон қабырғаларын қайта құру, су өткізу құрылыстарын қалпына келтіру, көгалдандыру және 10 жаяу жүргінші көпірін салу жоспарланған, – деді қала әкімі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!