{metadescription}

Сенат ТМД елдерімен бірлесе жемқорлықпен күрес жөніндегі құжатты мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Бұл келісімге 2022 жылғы 14 қазанда Астана қаласында Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан басшылары қол қойды. Құжат мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды: сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзу деректері туралы істер бойынша жәрдем көрсету, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарды ұстау әрі беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіруді және қайтаруды жүзеге асыру, арнайы ақпараттық жүйелерді құру мен пайдалану.

- Келісім аясында басқа да ынтымақтастық шаралары қарастырылған, яғни кадрлардың біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық реттеу тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастық бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу. Сонымен қатар, құжатта оның ережелерін іске асыратын құзіретті органдарды айқындау тәртібі, олардың өкілеттіктері, басқа тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдері, жәрдем көрсету туралы сұрау салу, оны орындау тәртіптері, орындаудан бас тарту негіздері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді тәркілеу шаралары қарастырылған, - деді сенатор Қайрат Тастекеев.

Оның айтуынша, келісімде Қазақстан заңнамасынан ерекшеленетін ережелер бар. Осыған байланысты, Қазақстан жағы келісімге мынадай ескертпемен қол қойды: «Қазақстан Республикасы өзінің заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде осы Келісімнің 10-бабы а) тармақшасының, 12-бабының және 14-бабының ережелерін қолдану құқығын өзіне қалдырады деп мәлімдейді».

- Қазақстандағы автоматтандырылған ақпараттық, анықтамалық жүйелер мен деректер банктерінен ақпаратты құзыретті орган ретінде - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұлттық заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес түрде, атап айтқанда, қозғалған қылмыстық істер шеңберінде және банктік, салық саласындағы, коммерциялық құпияларды сақтай отырып алатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан өз ұлттық заңнамасында келісімдегі тізбеден өзгеше сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізбесін қарастыруға құқылы, - деп түсіндірді депутат.

Келісімді ратификациялаудан күтілетін оң құқықтық нәтижелердің бірі - сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіруді және қайтаруды жүзеге асырудағы өзара іс-қимылдың тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде