75 млн теңге пара алмақ болған «Алматы Су» өкілі 5 жылға сотталды
«Алматы Су» бас директордың орынбасары – департамент басшысы Мақсат Жолдыбаев 75 миллион теңгені ұрлауға оқталғаны үшін 5 жылға сотталды.
Фото: istockphoto.com
15:16 20.03.2025
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлім етті
«Іс тергеліп, сотта қаралды. Тіпті, кәсіпкерден 75 миллион теңге алмақ болды деген айып тағылғанымен, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны БАҚ беттерінде жарияланды. Қадағалау органының (прокуратураның) наразылығы бойынша апелляциялық шағым жасалып, үкім өзгертілді. Оған нақты 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол сот залында қамауға алынды», - деді Д. Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!