Қазақстанның қай өңірлерінде су басу қаупі бар
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне болжам жасауға мүмкіндік беретін Tasqyn ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы айтты.
Фото: istockphoto.com
15:41 20.03.2025
Жүйені Су ресурстары министрлігі Цифрландыру және Экология министрліктерімен, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясымен бірлесіп әзірледі.
«Біз Tasqyn жүйесінен жергілікті атқарушы билікке ақпарат береміз. Барлық облыстар үш аймаққа бөлінді. Су басу қаупі жоғары «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары кірді. Орташа қауіпті аймаққа сегіз облыс, ал су тасқыны болмайтын аймаққа оңтүстік облыстар енді», - деді Н. Нұржігітов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, жүйе нақты режимде жұмыс істеп тұр.
«Су тасқыны қай жерде болуы мүмкін екенін қызыл түспен көрсетеді, содан кейін жергілікті атқарушы органдар шаралар қабылдайды», - деп түсіндірді министр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!