Атырауда жалған 8 750 АҚШ долларын сатуға шығарған жігіт ұсталды
Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: polisia.kz
18:10 20.03.2025
Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады. Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді.
Оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды. Қазіргі таңда күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр.
Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!