{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77478105456; +77273103439
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Жоғалған жолдасым

Астарлы ақиқат - Жоғалған жолдасым

11.09.2024

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Алматы облысының тұрғыны Жанар Серімбетова айдың-күннің аманында із-түссіз кеткен күйеуін іздейді. 4 ай бойы отбасы-ошақ қасына жоламаған жарының басына іс түсті деп күдіктенеді. Бала-шағама жалғыз өзі бас-көз болудан шаршаған Жанар жауапсыз кеткен отағасын тауып беруімізді сұрайды. Алдымен мәселенің анық-қанығына тоқталайық.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде