{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77478105456; +77273103439
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Хит өмір ме, ит өмір ме?

Астарлы ақиқат - Хит өмір ме, ит өмір ме?

30.09.2024

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Кезінде хит әндер жазып, талай әншінің жұлдызын жаққан композиторлардың ауыр тағдырын баяндамыз. «Аспанға қараймын» әнінің орындаушысы қазіргі таңда үлде мен бүлдеге оранса, әнді жазған композитор Дәуір Абайұлының жағдайы мәз емес «Мұнарлан» тобы шырқаған «Әппақ-әппақ қар» әні талай жанның жүрегін жаулағанымен, сол хитті жазған композитордың қазіргі хәлі мүшкіл. «Отыздан асып барамын» әнінің авторы композитор Садық Қынат. Әуелі композитордың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Бүгін «Астарлы ақиқатта».

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде