{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Байланыс

+77478105456; +77273103439
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Астарлы ақиқат - Адастым ба, білмеймін...

06.02.2025

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. 

Бұл мәселеде:

Олар кезінде хит әндерді шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді, сауық-кештерге сұраныс артып, ауқымды аудиторияның алдында өнер көрсететін. Қаламақысы бума-бума ақша, концерттен кейін қаумалаған жұрт қолтаңба алу үшін кезекке тұратын. Ал қазір ше? Өкінішке орай, бүгінде бәрі басқаша. Бұрын сүйіп тыңдайтын сол әншілердің бірі сахнадан шеттетіліп, екіншісі жаман әдеттерге әуестеніп, ал кейбірі өнер емес, бизнеске бет бұрып кеткен. Олар кім дейсіздер ғой? Тағдыр жолы түрлі арнаға бұрылып, өмірдің сан-соқпағынан өткен 2000 жылдардағы атақты әншілердің қазіргі жағдайы мен тұрмыс тілшілігіне бұл жолы рет-ретімен тоқталамыз.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

20 наурыз

Қазір эфирде