{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Байланыс

+77478105456; +77273103439
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Астарлы ақиқат - Шарасыз жар

18.02.2025

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. 

Бұл мәселеде:

Біз бүгін шарасыз күйге тап болған бүтін бір отбасын мазалаған мәселені дер кезінде қолға алмасақ, үш бала шырылдап анасыз жетім қалып, отағасы әйелінен көз жазып, осы уақытқа дейін бағып-баққан ата-анасы қызынан әп-сәтте айырылып қалуы бек мүмкін! Еңіреп жылаған ер адам «Астарлы ақиқат» журналистерінен жәрдем сұрап, хабарласты. Оның сөзіне сенсек, ауыр дертпен алысқан келіншегіне шұғыл көмек қолын созуымызды өтінді. Жанары жасқа толып, жігері әбден жаншылған жігіттің айтпағы не? Бүгін “Астарлы ақиқатта” анықтаймыз!

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

20 наурыз

Қазір эфирде