{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - Купидон құрбаны 2 маусым 35 эпизод

Әйел қырық шырақты - Купидон құрбаны 2 маусым 35 эпизод

21.02.2020

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

Күйеуімен ажырасқан Еңлік он жасар ұлын жетектеп, жаңа өмір бастау мақсатымен басқа қалаға көшеді.Анасының жанына барған Еңліктің жаны жай тауып, көңілі орнына түседі. Ұлы Саят жергілікті мектепке оқуға барып, мұғалімінің де көңілінен шығады. Бірақ сыныбындағы бір ұлмен үнемі дау-жанжал туады. Сабақтың басталғанына бір апта болмай жатып, Еңлікті мектепке екі рет шақырады. Себебі  – сыныптаспен төбелес. Әр мәселенің соңында Саят кінәлі болып шығады. Еңлік ұлын қанша жақтағанымен, жаңа қала, жаңа мектеп, жаңа орта, онымен қоймай ата-анасының ажырасуы баланың психикасына әсер етеді. Еңлікті кезекті рет мектепке шақырғанда ол жалжал тудырып жүрген баланың әкесімен кездеседі. Екеуі де өз ұлын қорғап, бір-біріне дауыс көтеруге дейін барады. Біраз уақыттан кейін Еңлік жұмысқа орналасуға тоқыма фабрикасына барғанда, ол өндірістің бастығы Асылжан – ұлымен төбелесіп жүрген ұлдың әкесі болып шығады. Асылжан – тоқыма бұйымдарын шығаратын шағын кәсіпорынның бастығы. Тәжірибесі мол Еңлік, әрине, жұмысқа бірден қабылданады. Сол сәттен бастап әйел мен ұлының өмірі түбегейлі өзгереді. Жалжалдаса беретін ұлдар жоғалып кетіп, қайта табылады, ол жағдай екі отбасының жақындасуына септігін тигізеді. Асылжанның тасы өрге домалап, тіпті біраз уақыттан соң ол Еңлікке отау құруға ұсыныс жасайды. Сөйтіп олар бақытты өмір сүріп, болашаққа қарыштап қадам басады.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде