Мақалалар
Мақалалар - КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
29.12.2024
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. Заң қауқарсыз болса, оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады, заң аясында да дау-дамайсыз шешуге болады, қараңыз», - дейді журналистер. Өзгелерге жалтақтамай, білегін сыбана кірісетін Жазира Бегалы мен Гүлмира Әбіқайдың еңбегін атамасқа болмайды. Ендеше 2024 жылы көрерменді бейжай қалдырмаған ТОП-5 шығарылымды ұсынсақ.
1. Дау-дамайсыз: Сабақсыз балалар
Цифрлық аутизм. Телефонның кесірінен сабақтан құлқы қашқан балалар. Алматылық бір үйдің қос баласы екі айдан бері сабаққа бармаған. Оған себеп — смартфон.
Күні-түні телефонға телмірген балалар сабақ оқу қажеттігін ұмытқан. Оларды білімге тартуға мектеп те, ата-анасы да дәрменсіз. Қайтеміз? Әлеуметтік өзекті оқиғаға журналист Гүлмира Әбіқай араласты.
2. Дау-дамайсыз: Үйі жоқтың күйі де жоқ
Жетісу облысында жатақхананы паналаған бірнеше отбасы далада қалуы мүмкін. Қазақ-қытай шекарасында орналасқан Жаркент қаласындағы білім саласы мамандарына арналған үйден дау шықты.Үш айда берілу керек жатақхана мәселесі бір жылға созылған. Айтыс-тартысқа айналған мәселенін шешімін Жазира Бегалы дау-дамайсыз шешті.
3. Дау-дамайсыз: Пана іздейміз... Ақырғы аманат
Басқа түссе баспақшыл. Денсаулығы дімкәс, жұмысқа жарамсыз ерлі-зайыпты әлі күнге мүгедектікке қол жеткізе алмай келеді. Оған қоса, тұрып жатқан баспанасын от жалмап, бір-ақ күнде үйсіз қалды. Мәселеге журналист Асқарбек Қазанғап дау-дамайсыз нүкте қойды. Арман болған азаматтық! Атамекенде он жыл жүріп, бір құжатқа қол жеткізе алмаған Ұлжанның аянышты тағдыры. Оқиғаға журналист Гүлмира Әбіқай араласты.
4. Дау-дамайсыз: Мигранттың махаббаты мен машақаты
Құжатсыз және қауқарсыз Нәбира Сапарниязова КТК-ның «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрайды. Набираның айтуынша, күйеуі мүмкіндігі шектелген науқасты үйден қуып, далаға лақтырып тастаймын деп шу шығарған.
Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып отау құрған Нәбира он жылдан астам өзінен тоғыз жас кіші ерімен некесін заңдастырмаған Нәбираның он жастағы ұлының да туу туралы куәлігі жоқ. Бағдарлама авторы Өзбекстанның Алматыдағы консулдығына хабарласып,кейіпкердің Отанына оралу туралы куәлігін алуға Талғар аудандық көші-қон полициясы басқармасы мен аудандық сот мамандары жұмылып, құжатсыз ананың шекарадан өтуіне көмектесті.
5. Дау-дамайсыз: Анашым, оралшы!
Төрт баланы бір-ақ күнде тастап кеткен көкек-ана. Көзіне мұң толған бүлдіршіндер. Былай қарасаң, әкелері жанында, ата-әжесі қамқорлығын аямайды. Алайда балалардың анасын көрмегеніне төртінші жылға жуықтады. Олар осы уақыт аралығында анасының оралғаның армандап келді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...