Дау-дамайсыз
Ведущая
Жазира Бегалы
Байланыс
Dd@ktk-tv.kz
Дау-дамайсыз - Жалға алған үйдің жанжалы
20.09.2024
Заң қауқарсыз болып шықса не істеу қажет? Егер оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады. Ол үшін өзгелерге жалтақтамай, өзің кіріс! Бастысы, заң аясында әрекет етіп, дау-дамайсыз шешуге болады!
Бұл мәселеде:
Он жыл кезек күтіп, баспанаға қолы жеткен Қызылорда облысы Тереңөзек кентінің тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Айнұр Ілиясова «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрайды. Былтыр аудандық әкімдік баспана бергенде бөркін аспанға атқан келіншектің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Жаңа баспананың қабырғасы үгітіліп сылағы түсіп , үйді жылыту машақат. Бағдарлама жүргізушісі және авторы Жазира Бегалы кейіпкердің мәселесін шешу үшін Қызылорда облысына аттанды. Денсаулығы дәмкәс, қызы да, өзі де мүгедек жандардың түйіткілін «Дау-дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін атқамінерлер жедел шешіп, көпқабатты пәтерге көшірілді. Екі күнің ішінде Айнұр Ілиясова жалдамалы жер үйден пәтерге көшіп, мәселесі шешілгенде Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпқабатты үйдің тұрғындары хабарласты. 3 жыл бұрын жалға берілген үйдің құжаты жоқ. Көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмай әлек. Үш жыл бойы жұртты әуре-сарсаңға салған құжаттың машақаты «Дау-Дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін шешілді. 50 емес, көрші тағы үш қабатты үйдің 150 тұрғыны техникалық құжат рәсімдеуге мүмкіндік алды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Квартирант
Көпбалалы ана қақаған қыста баспанасыз не істейді?Жалдамалы пәтерден шығарып жіберуге не себеп? Кім көмектесуге дайын? ...
20 жыл ұлын іздеген ана
Ана мен бала 20 жылдан соң жүздесе ме? Ұзақ уақыт үзіліске не себеп? Бағдарламада журналист ...
Құжатсыздар
Құжатсыз ғұмыр кешкен кейіпкерлердің мәселесі қандай шешімін табады? Қайтпек керек? Бағдарламада журналист әділдік іздеп, заңсыздықтар ...
Әйелімді алдады // Зағип ананың зары
Алаяқтарға алданбаудың қандай амалы бар? Сауатсыздығы сан соқтырған кейіпкеріміздің мәселесі шешімін таба ма? Бағдарламада журналист ...
Қызым тістейді // Әйелімді алдады
Кейіпкеріміз Таңшолпанның осыған дейін тіркеуге тұрмауына не кедергі болды? Қызының тілі шықпай, психикалық ауытқуға ұшырауына ...
Өмір сүргім келеді!
Айданың дертіне дауа бар ма? Елімізде тері ауруының бұл ауыр түрінен айықтырудың амалы қандай? Дәрігерлер ...
Дау-дамайсыз Жаңа жыл!
Қайыршылықпен айналысқан мүгедектің тағдыры немен бітті? Аутизмге шалдыққан балалардың жарқын болашаққа мүмкіндігі бар ма? Мойнын ...
Құжатсыздың қасіреті
Біздің редакциямызға сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданындағы Көлсай ауылынан Ғалия Әбдімұратова хабарласты. 54 жастағы әйелдің ...
Жалға алған үйдің жанжалы
Он жыл кезек күтіп, баспанаға қолы жеткен Қызылорда облысы Тереңөзек кентінің тұрғыны, 3 топтағы мүгедек ...