Күндерек
Күндерек - Қазақстанда өрт салдарынан қанша адам қайтыс болды
05.02.2019
Бұл мәселеде:
ҚР Ішкі істер министрлігі өрттің салдарынан болған қайғылы оқиғалардың статистикасын жариялады.
Вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, өткен жылы республика бойынша 14 567 өрт оқиғасы тіркелді. Ол бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 6 процентке төмен. Бірақ өрт салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 19 процентке өсіп, 434 адамға жетті. Бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 352 адам болған.
«Бұдан бөлек, өткен жылы 412 адам жарақат алды. Жалпы, материалдық шығынның көлемі 3,5 миллиард теңгеден асты», - деді Ю.Ильин.
Ал Астана қаласында былтыр 699 өрт оқиғасы тіркелді. Сол кезде 10 адам қайтыс болды. Олардың ішінде бір бала бар. 2019 жылдың басынан бері елордада 69 өрт оқиғасы болды. Бүгін қайғылы оқиғада қайтыс болған бес бала - биылғы жылдың алғашқы құрбандары.
Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби еді. ҚР Ішкі істер министрлігі Астанадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Тергеу материалдарына сәйкес, үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алған. Вице-министр Юрий Ильин бес баланың өмірін жалмап кеткен өрттің алдын ала себебін де жариялады. Министрлік пеші бар әрбір үйге арнайы датчик орнатуға кеңес беріп отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...