{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Отандық бокс ардагері өмірден озды

19.03.2021

Бұл мәселеде:

Қазақстанның бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкердің қайтыс болғанын хабарлады.

"Қазақстанның бокс федерациясы отандық бокстың ардагері Борис Семёнович Цхвирашвилидің өмірден озғанын үлкен күйзеліспен хабарлайды. Бұл орны толмас қаза", - делінген ұйымның ресми сайтында.

Борис Цхвирашвили – КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері. Әзірбайжан КСР-сында бокстан бірнеше мәрте чемпион атанды. Халықаралық дәрежедегі төреші ретінде танылды. Борис Семёнович Олимпиада ойындарында төрешілік етті. 

"Ол Қазақстанның бокс федерациясының атқару комитетінің мүшесі ретінде елімізде талай рет турнир ұйымдастырған. Спорттық тәжірибесі де, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болды. Борис Семёнович 85 жаста еді. Ол аурудан айыға алмады. Оған қоса, ұлының қазасы үлкен трагедия болды. Ардагердің жүрегі 19 наурызда тоқтап қалды", - деді федерация өкілдері.

Қазақстанның бокс федерациясы марқұмның туған-туыстарына, жақындары және әріптестеріне көңіл айтты.

"Борис Семёнович боксты дамыту саласындағы игі істерімен, жастардың спортқа және туған еліне деген махаббатын оятуымен мәңгі жүрегімізде қалады", - делінген ресми хабарламада.

Дереккөз: Sputnik

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.