{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Ақмола облысында жол апатынан жас қыз көз жұмды

29.03.2021

Бұл мәселеде:

Ақмола облысындағы жол апаты болып, одан төрт адам зардап шекті және бір қыз ауруханада көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Ерейментау – Шідерті» автожолының 23-ші шақырымында жол апаты орын алғандығы туралы хабар түскен.

«Анықталғандай Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «Киа рио» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлігі аударылған», - деді ведомстводан.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен Нұр-Сұлтан қаласының ҰЗИТҰ-на жеткізілді. Оның ішінде 23 жастағы қыз алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды», - деп толықтырды ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде