Күндерек
Күндерек - 4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқандарға қандай жаза бар екенін түсіндірді
16.06.2022
Бұл мәселеде:
ҚР Бас прокуратурасы қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қыз алып қашу - салт-дәстүр ме, қылмыс па, мұны ажыратудың бір жолы бар, ол - қалыңдықтың келісім беруі және алып қашқан адамдардың осындай келісімнің барын түсінуі. Басқаша айтқанда, келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, алып қашқандар осы мән-жайды білсе - бұл ауыр қылмыс саналады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы - адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді» деп мәлім еттіБас прокуратурадан.
Ведомство хабарлауынша, бұл қылмыс үшін ең қатал жаза - 15 жылға соттау.
Оның ішінде топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
«Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз. Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінде қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады» делінген хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы - 18.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
АЭС құрылысы: Қазақстан халқы бүгін таңдау жасайды
Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталды. Орталық референдум комиссиясынан алынған мәліметтер ...
Ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды
Ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды. «ҚР Орталық референдум комиссиясы облыстар мен Астана, ...
Голосование на референдуме по вопросу строительства АЭС началось в Казахстане
В Казахстане с 7:00 по местному времени началось голосование на республиканском референдуме по вопросу строительства ...
Референдум по АЭС: На 84 участках голосование началось в 6 утра
Некоторые избирательные участки в Казахстане начали работу раньше на час. Об этом Tengrinews.kz сообщили в ...
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас ...
Щенков спасли из уличного туалета в Актобе
В Актобе сотрудники ДЧС провели спасательную операцию для домашних животных. По информации пресс-службы МЧС Казахстана, из ...
«Персональный ад»: Джастин Бибер готов рассказать о вечеринках P. Diddy
Популярный канадский R&B-певец и актер Джастин Бибер готов рассказать о вечеринках P. Diddy. Об этом изданию In ...
В Кокшетау полицейские спасли жильцов из горящей квартиры
4 октября вечером патрульные полицейские Аманжол Муратов и Мейрам Шайжанов получили вызов о пожаре на ...
В Актау подростки избили двух мужчин на улице – инцидент запечатлен на видео
В Актау, в 26-м микрорайоне, подростки избили двух мужчин на улице, сообщает Lada.kz. Инцидент произошел 4 ...