{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Таразда есірткі курьері 10 жылға сотталды

Күндерек - Таразда есірткі курьері 10 жылға сотталды

28.08.2024

Бұл мәселеде:

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі тасымалдаумен айналысқан курьерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыпталушы 2023 жылдың қыркүйегінде «Telegram» мессенджері арқылы «Ол» деген бүркеншік есімді азаматпен танысып, Тараздың аумағында бір жеткізілім үшін 1 мың теңге алып, есірткі курьері ретінде жұмысқа орналасқан.

Сотталушы 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың ақпанына дейін алдын ала көрсетілген геолокациялардан психотроптық заттарды жинап, оларды белгілі бір дозаларға бөліп «Zip» пакеттеріне салып, өткізіп отырған.

«Полицейлер есірткі жеткізушіні 2024 жылдың ақпанында таңертең кезекті дозаны қоюға оқталған уақытта ұстады. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 18,73 грамм болатын «пирролидин» және «фенилпентан» табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен К. Есімді айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі, 1,3,5-тармақтары бойынша көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.