{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Петропавлда өрт кезінде күйік алған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Күндерек - Петропавлда өрт кезінде күйік алған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

18.09.2024

Бұл мәселеде:

Петропавлда өткен түні тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатында өрт шығып, 47 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға түсті.

Естеріңізге салайық, өрт кезінде көпқабатты тұрғын үйден 220 адам эвакуацияланды. Өртенген пәтерден бір адам табылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Ер адам Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Түскен кезде көмірқышқыл газына қатты уланғаны және тыныс алу мүшелері термиялық күйік алғаны анықталды. Барлық тиісті ем-дом жасалды. Қазіргі уақытта сырқат өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылды. Өздігінен демалып жатыр, бірақ жағдайы әлі де тұрақты түрде ауыр. Оң өзгеріс бар, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатады. Кейін терапия бөлімшесіне шығарып, амбулаторлық ем алуға үйіне жібереді», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1977 жылы туған ер адам пәтер иесі әйелдің ұлы.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде