{metadescription}

Күндерек

Күндерек - СҚО-да квадроцикл аударылып, 4 жасар бала мерт болды

Күндерек - СҚО-да квадроцикл аударылып, 4 жасар бала мерт болды

19.09.2024

Бұл мәселеде:

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам өз ауласында квадроциклді аударып алып, салдарынан қасында отырған 4 жасар бала мерт болды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында болған. Аққайың ауданының 56 жастағы тұрғыны өз үйінің ауласында «POLARIS» маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан жолаушы - 4 жасар бала ауыр жарақат алды. Бірден орталық аудандық аурухана жеткізілгенімен, дәрігерлер бала өміріне араша түсе алмады. Квадроциклдің жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қазір істің мән-жайы тергеліп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

08 қараша

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.