Күндерек
Күндерек - 2 жылдан кейін әуе таксилері іске қосылады
19.09.2024
Бұл мәселеде:
2026 жылдың бірінші тоқсанында Дубайда әуе таксилері жұмыс істей бастайды.
Бұл туралы Дубай көлік және жол басқармасының көліктік технологиялар департаментінің директоры Халид әл-Авади хабарлады.
– Біз әуе такси қызметін 2026 жылдың бірінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір біз АҚШ-тың Joby Aviation компаниясымен көлікті сынау және сертификаттау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз сондай-ақ «вертипорттарды» дамытатын британдық Skyports компаниясымен станция жобасын бастаймыз, – дейді ол.
Халид әл-Авадидің айтуынша, Дубайда төрт такси әуежайын салу жоспарда бар. Оның екеуі 2026 жылдың басында іске қосылады. Инфрақұрылымдық нысандардан басқа, әуе таксилерінің мониторингі мен күзет қызметі де құрылады.
– Біз серіктестерімізбен осы қызметті барынша ыңғайлы ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл кәдімгі тікұшақтарды пайдаланудан әлдеқайда арзан болады деп ойлаймыз. Бұл лимузинді жалға алудан да арзанырақ болады немесе соның бағасымен тең болады, – дейді Авади.
Ол электр қозғалтқыштары бар әуе таксилері әдеттегі тікұшақтарға қарағанда 100 есе аз шу шығаратынын атап өтті. Ал General Motors компаниясымен бірлесіп жасалып жатқан жүргізушісіз таксилер 2025 жылы жұмысын бастайды. Қазір олар сынақтан өтіп жатыр.
– Біз 2026 жылға қарай гибридті және электр қозғалтқыштары арқылы лимузин қызметін толығымен экологиялық таза етуді жоспарлап отырмыз. Жоспарларға сәйкес, 2035 жылға қарай Дубайдағы барлық таксилер, ал 2050 жылға қарай бүкіл автобус паркі тек электр қозғалтқыштары бар автобустардан тұрады, – дейді Авади.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Рыбака на озере Балхаш эвакуировали с неисправной лодки
На озере Балхаш спасатели вытащили рыбака с дрейфующей лодки, находившейся в 12 км от берега, ...
В Минобороны Казахстана раскрыли детали авиакатастрофы в Актюбинской области
9 ноября, в районе села Сарыжар, произошла трагедия: во время учебно-тренировочного полета потерпел крушение вертолет ...
Министрлік тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөнін атады
Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза тапқан және зардап шеккендердің аты-жөндерін атады. «Ақтөбе ...
Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Ақтөбе облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлері қазір күйік шалған, жарақат алған екі адамды емдеп жатыр. "Екі науқастың ...
Швециядан аса ірі көлемде мүлік жымқырды деген күдікті экстрадицияланды
Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Стокгольмдегі Елшілігінің ...
В Таразе задержан подозреваемый в убийстве двух женщин
Задержан 28-летний мужчина, подозреваемый в двойном убийстве, сообщили в департаменте полиции Жамбылской области. Ранее стало известно, ...
Көкшетау әкімі тағайындалды
Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. "Ақмола облысы әкімінің 2024 ...
Военный вертолет потерпел крушение в Актюбинской области, один человек погиб
В Актюбинской области разбился военный вертолет Ми-8, принадлежащий Военному институту Сил воздушной обороны. Трагедия произошла ...
Ақтөбеде тікұшақ құлап, 1 адам көз жұмды
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданя Сарыарқа ауылы маңында тікұшақ жанып, бортта болған бір адам мерт болды. ...