{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Сібір жарасы: Алматыдағы базарда 4 мың келіге жуық қауіпті ет жойылды

Күндерек - Сібір жарасы: Алматыдағы базарда 4 мың келіге жуық қауіпті ет жойылды

05.11.2024

Бұл мәселеде:

Қазақстанда жыл басынан бері сібір жарасын жұқтырудың 17 жағдайы белгілі болса, оның 14 жағдайы Алматы облысының Ұйғыр ауданында тіркелген.

Осы орайда, Kazinform тілшісі Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдап, аудандағы қауіпті ауруға қарсы қандай жұмыс атқарылып жатқанын анықтады.

Биыл 3 қыркүйек күні Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Үлкен Ақсу ауылдық округінде 4 адам сібір жарасын жұқтырғаны хабарланды. 5 қыркүйек күні Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді. 27 қыркүйек күні жағдайдың тұрақтануына байланысты карантин алынып тасталды.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Ұйғыр аудандық орталық аурухана мәліметіне сәйкес, ауданда 9 айда сібір жарасының жалпы 14 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 11 жағдайда ауру зертханалық жағдайда расталса, 3 жағдай клиникалық, эпидемиологиялық көрсеткіштерімен нақтыланды. Ауру ошақтарында қарым-қатынаста болған 41 адам медициналық бақылауға алынды.

«Барлық жағдайдың нақтыланған диагнозы - сібір жарасы, терілік түрі. Ауру ошақтарына ветеринарлық қызметпен бірге эпидемиологиялы-эпизоотологиялық тексерулер жүргізілді. Барлық жағдайда науқастар малдармен тұрмыстық жанасу кезінде ауру жұқтырған», - деді Ұйғыр аудандық орталық аурухананың директоры Әлия Ақжолтаева.

Сондай-ақ, мекеме басшысы сібір жарасын жұқтырған науқастардың біреуі ғана бүгінгі күні емін жалғастырып жатқанын, қалған науқастар ауруханалық жағдайда емделгенін атап өтті. Жалпы сібір жарасына қарсы ауданда 170 доза екпе алынып, оны бүгінге дейін 158 адам алған.

Карантин кезінде үй-үйді аралап, науқастарды анықтау мақсатында Үлкен Ақсу ауылында 273 аула тексерілген. Оған қоса, ауру ошақтарынан, сыртқы қоршаған ортадан зерттеулерге 498 сынамалар алынды. Эпидемиологиялық тексеру мен зерттеулер нәтижесінде 30 сынама оң нәтиже берген. Сібір жарасының белгілері мал етінен, терісінен, қиынан, мал сойылған жердің топырағынан, жайылым топырағынан табылған.

«Ауру ошақтарын эпидемиологиялық тексеру кезінде науқас сойып алған ауру малдың етін делдарлар Алматы қаласына алып кеткендігі анықталып, аудандық полиция бөлімі хабардар етілді. Іздестіру барысында ет Алматы қаласының «Еламан» базарына алынып барғандығы анықталып, аталған базардан 3800 кг ет күйдіру арқылы жойылды», - деді Әлия Ақжолтаева.

Жалпы Үлкен Ақсу ауылдық округінде барлығы 7510 бас ірі қара, 18615 бас ұсақ мал, 1240 бас жылқы сібір жарасына қарсы вакцинацияланған. Мал қоралары мен жайылым жерлерге 33 998 шаршы метр аумаққа (оның ішінде, 13 000 шаршы метр жайылым жер) 3%-дық глюзамин вет ерітіндісімен дезинфекция жүргізілген. Сонымен қатар, ауданда сібір жарасының топырақтық ошағы анықталған елді мекендер есепке алынған, олар: Шарын, Шонжы, Ақтам ауылдары.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.