{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Көкшетау әкімі тағайындалды

Күндерек - Көкшетау әкімі тағайындалды

09.11.2024

Бұл мәселеде:

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін айтты.

Биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.

"Алда проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан сізден тек жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы олардың барлығының тиімді болуы талап етіледі", – деді облыс әкімі.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов Әнуар Күмпекеевке қала тұрғындарының игілігі үшін барлық тапсырманы табысты жүзеге асыруды жүктеді.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде