Күндерек
Күндерек - Қытайдан Қазақстанға вейп әкелген Қырғызстан азаматы сотталды
14.11.2024
Бұл мәселеде:
Қырғызстан Республикасының азаматшасы Қытай Халық Республикасынан ел аумағына 50 дана электронды темекіні алып өтпек болған.
Панфилов аудандық соты заң бұзған шетелдікке жаза тағайындады, деп жазады kazinform. Панфилов аудандық соты жариялаған мәліметке сүйенсек Қырғызстан азаматы электронды темекілерді сатып алып, басқа да заттармен бірге жүкті қабылдау пунктіне өткізген. Шекарада кеден бекетінің қызметкерлері заңсыздыққа тосқауыл болған. Тексеру барысында Қазақстан шекарасынан алып өтпек болған 50 дана вейп анықталған.
Шетел азаматының өз кінәсі мойындауынан бөлек, куәгерлердің айғақтары және сарапшының қорытындысы арқылы толығымен дәлелденді, оған сәйкес бұл заттар бір реттік қолдануға арналған электронды құрылғы деп танылған. Тауар үлгілерінің құрамында никотин бар, бірақ темекінің өсімдік бөлшектері жоқ делінген хабарламада.
Заң бойынша жасалған қылмыс үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі балама жаза қарастырылған. Алайда аудандық сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескере отырып — шетелдік азаматшаның кінәсін мойындауы, соттылығының болмауы, кәмелетке толмаған балаларының бар болуы және айыпталушының жұмыссыздығы мен ауыр материалдық жағдайын назарға алып, оған ҚР ҚК 55-бабы шегінде қауіпсіздігі минималды қылмыстық-атқару мекемесінде 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ бір реттік электронды темекіні жою жөнінде шешім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Оңтүстік өңірлер бюджет қаражатын үлкен сомада ұрлаған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров білім беру саласында бюджет қаражатын ең ...
В Жезказгане спасатели МЧС пришли на помощь запертой на балконе бабушке
Об этом сообщает МЧС РК. Женщина 1956 года рождения, оказавшись запертой внуками на балконе одного из ...
Назначены заместители начальника департамента полиции Алматинской области
Подполковник полиции Акылбек Толеуов и полковник полиции Нуржан Байкулов назначены заместителями начальника департамента полиции Алматинской ...
Антикор выявил серьезные коррупционные риски в «СК-Фармация»
Антикоррупционной службой совместно с Министерством здравоохранения в первом квартале проведен анализ коррупционных рисков в деятельности ...
Уран өндірісін жаңғыртуға бөлінген 862 млн теңгені ұрлаған мердігер сотталды
Уран өндіруші кәсіпорынды жаңғыртуға бөлінген 862 млн теңгені ұрлаған мердігер ұйым басшысы 8 жылға сотталды. ...
В Астане начали строительство депо LRT
Депо будет располагаться на территории площадью 16,84 га в районе Международного аэропорта и станет важным ...
Самовольно возводимый ЖК сносят в Астане
Столичное управление контроля и качества городской среды пресекло факт начала самовольного строительства объекта, сообщает сайт ...
Жүргізуші курсын онлайн оқыту тоқтатылады
Жүргізуші куәлігін алуға өз бетінше дайындалу және онлайн оқу тетігі жойылды. Оқу курсын аяқтағаны туралы ...
Создавшую финпирамиду кызылординку приговорили к 5 годам тюрьмы
В Кызылорде гражданка посредством открытия кооперативного филиала активно рекламировала в интернете возможность приобретения дома и ...