{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Уран өндірісін жаңғыртуға бөлінген 862 млн теңгені ұрлаған мердігер сотталды

Күндерек - Уран өндірісін жаңғыртуға бөлінген 862 млн теңгені ұрлаған мердігер сотталды

14.11.2024

Бұл мәселеде:

Уран өндіруші кәсіпорынды жаңғыртуға бөлінген 862 млн теңгені ұрлаған мердігер ұйым басшысы 8 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Мемлекет басшысының заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Түркістан облысының Созақ аудандық соты мердігерлік ұйымның директоры – «Iri building» ЖШС Н.Т.Әбілдиновке, «KAZ Design & Development Group LTD» ЖШС авторлық қадағалау директоры Л.А.Момотқа, авторлық қадағалау инженері С.М.Кончаковқа, сондай-ақ техникалық қадағалаушы – «KZ Development» аккредиттелген орталық» ЖШС-ның нақты меншік иесі Б.С.Алматовқа қатысты үкім жариялады», - деді ресми өкіл.

Оның дерегінше, Әбілдинов Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өндіруші кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені 2019-2021 жылдар кезеңінде ұрланғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматов ұрлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылды. Сот оларға 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Бұл ретте, ҚР ҚК 75-бабының 1-бөлігі негізінде сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады. Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Данияр Бигайдаров.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде