Күндерек
Күндерек - Оралда танысын пышақтаған тұрғын 5,6 жылға сотталды
16.11.2024
Бұл мәселеде:
Орал қалалық сотында ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес айып тағылған Р-ға қатысты үкім шықты.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған ер адам өзінің саяжайында болған кезде бұрыннан таныс К-ға қоңырау шалып, аулада көмек көрсетуге шақырған.
Соттың мәліметіне қарағанда, жұмыс біткеннен кейін Р. және К. алкогольдік ішімдіктер ішкен кезде екеуінің арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Р. танысының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында асүй пышағымен бірнеше рет соққы жұмсаған. Салдарынан жәбірленуші қатты ауырсынып, еденге құлаған. Р. және К. кикілжіңді жою мақсатында алкогольдік ішімдікті ішуді жалғастырған.
Келесі күні К. қалалық көпбейінді ауруханаға жүгініп, оған диагноз қойылып, денсаулығына ауыр зиян келтірілгені анықталған.
«Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес Р-ны айыпты деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan кәсіби-техникалық дағдылар чемпионатының қатысушыларымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзыреттілік деңгейі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2024 ...
Алматыда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының денесі табылды. Lider.kz ұйымының мәліметінше,1994 жылы туған Әйгерім ...
Оралда танысын пышақтаған тұрғын 5,6 жылға сотталды
Орал қалалық сотында ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес айып тағылған Р-ға қатысты үкім шықты. БҚО сотының ...
В Астане полиция раскрыла схему интернет-мошенничества
В ходе оперативно-профилактического мероприятия Anti-Fraud сотрудники столичной полиции выявили схему обмана. Следствие установило, что 18-летний подозреваемый разместил в ...
В Актюбинской области дочь подозревается в убийстве матери
В селе Мартук Актюбинской области произошло трагическое событие: 14 ноября утром было обнаружено тело 73-летней ...
В Акмолинской области поезд сбил коров из-за нарушения правил выпаса
На перегоне Тасты-Талды – Баранколь в Акмолинской области пассажирский поезд столкнулся с крупным рогатым скотом, сообщает ...
Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды
Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайрат сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Астана қалалық ...
Қостанай облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды
Қарасу ауданындағы Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. «Құтқарушылар дереу оқиға ...
Задержана автоколонна за грубые нарушения ПДД
Полицейские Алматинской области выявили автоколонну нарушителей благодаря мониторингу социальных сетей, сообщает департамент полиции региона. На опубликованном ...