Күндерек
Күндерек - Шымкентте жекеменшіктегі кейбір әлеуметтік нысандар мемлекетке қайтарылып жатыр
22.11.2024
Бұл мәселеде:
Шымкентте ертеректе әртүрлі жолмен жекеменшікке өтіп кеткен әлеуметтік маңызды нысандар мемлекетке қайтарылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты.
«Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан тағы бір маңызды бастамамыз бар. Ертеректе әртүрлі жолдармен әлеуметтік маңызды нысандар жекеменшікке өтіп кеткен. Осы нысандардың барлығына зерделеу жүргізіліп, бірқатар меншік иелері тарапынан мақсатсыз пайдалану және талаптарды орындамау фактілері анықталды. Біз тек жұмысы заңға қайшы нысандарды мемлекетке қайтару мәселесін көтердік. Ал, жұмысы адал, өз міндеттемелерін мерзімінде орындап жатқан меншік иелеріне алаңдауға негіз жоқ. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы қаладағы бұрынғы «Фосфоршылар сарайын» мемлекет меншігіне қайтарып, ғимарат жарамсыз болуына байланысты бұзу жұмыстары аяқталды. Алдымыздағы жылы демеушілер есебінен орнына жаңа мәдени нысан салу көзделуде», - деді қала басшысы.
Сондай-ақ, ол биыл қысқы спорт түрлерімен шұғылданатын жекеменшік иелігіне өткен қаладағы жалғыз «Мұз сарайының» 67 пайыз үлесі мемлекет меншігіне өткенін айтты. Бұл дегеніміз ендігі жерде нысанның басқару құқығы мемлекетке тиесілі екенін білдіреді.
«Сондай-ақ, өз міндеттерін орындамаған жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген №2 қалалық емхананың келісім шартын бұзып, мемлекетке қайтардық. Сол сияқты міндеттемені орындамаған сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген «Орталық су спорт кешенін» мемлекетке қайтару бойынша сотта талап арыз қаралуда. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысын ескеріп, коммерциялық бағытқа пайдаланып келген «Қиял әлемі» технопаркі және «Кең баба» саябағын мемлекет меншігіне қайтарып, демеушілер есебінен қайта абаттандыру жұмыстарын қолға алдық. «Қиял әлемі» саябағына іргелес жатқан аумақта құрылысы аяқталмаған сауда орталығының жері мемлекетке қайтарылды. Енді құрылыс нысанын бұзу бойынша іс сотта қаралуда. Сол сияқты «Су Ресурстары Маркетинг» ЖШС-н жекешелендіру құжаттарын зерделеу барысында бірқатар кемшілік анықталды. Мекеменің жұмысына да қатысты бірқатар мәселе бар. Бүгінде заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді ол ОКҚ алаңында.
Дереккөз: Kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Алматыда қойма өртеніп жатыр
ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр. Осы сәтте Алматы қаласы өрт сөндірушілері Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қоймадағы ...
Екібастұздағы сауда орталығының төбесі опырылуынан 5 адам зардап шеккен
Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне 5 адам өз бетінше жүгінген. Олардың үшеуі – ...
Потолок обрушился в ТРЦ в Экибастузе
Об этом сообщает МЧС РК. В г. Экибастуз в одном из торговых домов по ул. М. ...
Подтопление дворовых территорий произошло по вине неизвестного в Алматинской области
Сотрудники ДЧС и МИО Алматинской области ликвидировали подтопление. «Сегодня в с. Кольащы Алматинской области неизвестным лицом ...
Подозреваемые по делу Шерзата празднуют в ИВС: руководство накажут
В социальных сетях распространилось видео, на котором запечатлены кадры, как группа мужчин танцует и веселится, ...
Есірткі ісімен түрмеде отырғандар жаңа заңға сәйкес жазасын жеңілдете алады
Елімізде есірткі таратушыларға қатысты заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Заң кімдердің жазасын қатаңдатты? Кімдерге жеңілдік жасайды? Былтыр ...
Обвинялись в применении пыток: прокуратура Акмолинской области опротестовала оправдательный приговор
12 февраля 2025 года специализированный межрайонный суд по уголовным делам Акмолинской области на основании вердикта ...
Алматинский зоопарк переедет в другой город
Знаменитый Алматинский зоопарк переедет в другой город Казахстана. Об этом стало известно во время заседания ...
Рабочий погиб при демонтаже горки в Костанайской области
Мужчина получил множественные переломы при падении, сообщает Kazinform. Данный факт подтвердили в департаменте полиции Костанайской области. «По факту ...