{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр

Күндерек - Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр

22.11.2024

Бұл мәселеде:

Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.

"Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды", — деді  Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үржар ауданындағы жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылып түскен.

Дереккөз: Kazinform 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.